10.01.2008, 13:29 1743

Қырғызстан президенті тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады

Қырғызстан президенті тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады

Бішкек. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдетуді ұсынады. Бұл туралы ол үкіметтің жаңа құрамының алдында сөйлегеен сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Атап айтсақ, тәуелсіз несиелік рейтинг алуды жеделдету қажет", - деді Қырғызстан президенті.

Оның пікірінше, парламент пен Қырғызстанның Ұлттық банкіне банк салымдарын қорғау жөніндегі заңдарды қабылдауды жеделдету қажет. Елдегі инвестициялық ресурстардың ауқымды қорына сақтандыру нарығындағы қаржыны жатқызуға болады.

"Банк жүйесіндегі салымдарды ұлғайтуға азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесін енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Қаржы нарығына қатысушылардың арасында елдің әлеуметтік қоры бар, оның қаржысын ұлттық жобаларға мемлекеттік облигациялармен қамтамасыз ете отырып жұмсауға болады", -деп санайды Қ.Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны