22.04.2010, 11:54 1305

Қырғызстан президентінің сайлауы 10 қазанда өтеді

Қырғызстан президентінің сайлауы 10 қазанда өтеді

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президентінің сайлауы 10 қазанда өтеді. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның уақытша үкіметі басшысының конституциялық реформа жөніндегі орынбасары Омурбек Текебаев мемлекеттік телеарна арқылы сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Президент сайлауына конституциялық реформа жөніндегі референдум өтеді, ал ол 27 маусымға белгіленген", - деді О. Текебаев.

Қырғызстандағы соңғы президент сайлауы өткен жылғы жазда болған. Ол кезде Құрманбек Бакиев жеңіске жетті. Ал осыдан бірнеше күн бұрын ол оппозицияның қысымымен елден кетуге мәжбүр болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны