08.04.2010, 16:41 2931

Қырғызстан президентінің ұлы келіссөздер жүргізуге Вашингтонға келді

Қырғызстан президентінің ұлы келіссөздер жүргізуге Вашингтонға келді

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президентінің ұлы Максим Бакиев бүгін түнде келіссөздер жүргізуге Вашингтонға келді. Онда ол АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кездесулер өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

М. Бакиевпен біруақытта АҚШ астанасына Қырғызстан сыртқы істер министрі Кадырбек Сарбаев та барды. Өз сапарының мақсаты жайлы К. Сарбаев ешбір түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Изірге қандайбір түсініктеме беру ерте. Мен ертең таңертең бірдеме айта алатын шығармын деп ойлаймын", - деп мәлімдеді ол.

Бұдан бұрын Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаева жаңа басшылық бұрынғы кеңестік республика мен АҚШ арасындағы Манаста АҚШ-тың әскери базасын орналастыруға қатысты келісімді қайта қарамайды деп мәлімдеген болатын. АҚШ Искери әуе күштері Қырғызстандағы базаны Ауғанстандағы әскери операцияны қолдау мақсатында пайдалануда.

Қырғызстанда 6 және 7 сәуірде мемлекеттік төңкеріс болды. Оппозиция жасақтаған халық сеніміне ие үкімет президент пен үкіметтің функцияларын өз қолына алатынын мәлімдеді. Жаңа билікті қолдайтынын армия мен милиция да мәлімдеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, президент Құрманбек Бакиев өз жақтастарын жинау үшін Жалал-Абадта жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны