15.08.2008, 10:08 1341

Қырғызстан Ресейден астық тасымалдауды көздеп отыр

Қырғызстан Ресейден астық тасымалдауды көздеп отыр

Бішкек. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстаннан астық сатып алуды жалғастыра отырып, Қырғызстан Ресейден астық тасымалдауды көздеуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Ауыл, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, Қырғызстанның Ауыл шаруашылық министрі Арстанбек Ногоевтың жақында Ресейге жасаған сапарының барысында осындай импорттың мүмкіндігі сөз болған. Оның Ресейлік әріптесі Алексей Гордеевпен келіссөздері кезінде әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін, тұқым материалдарын өзара тасымалдауды жандандырудың пайдалылығы атап өтілді. Бұл рете А. Гордеев биылғы жылы соңғы 15 жылдағы астықтың алғашқы рекордтық түсімін алған Ресей оның бір бөлігін арасында Қырғызстан да бар ДСҰ мүше мемлекеттерге тасымалдауды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны