13.05.2008, 10:22 1418

Қырғызстан Республикасында адамдар өміріне қауіпті түрде көмір өндірілуде - Associated Press

Қырғызстан Республикасында адамдар өміріне қауіпті түрде көмір өндірілуде - Associated Press

Алматы. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ферғана алқабында адамдар өміріне қауіпті заңсыз көмір өндірісі жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, 1990-жылдары кеңестік кезеңнің орасан зор көмір шахталары жабылғаннан кейін жұмыссыз еркектер көмірді өз күштерімен ала бастаған. Кеншілердің айтуынша, көмір өндіру ісімен үлкен кісілермен иықтаса жүріп балалар да айналысуда. Олардың кейбірі тіпті жасөспірімдік жасқа да жетпеген.

Қазір жүздеген, мүмкін тіпті мыңдаған кеншілер шахталарда аптасына 50 доллар ақша табады. Олар көмір салынған қаптарды алып шығып, әр қабын 3 доллардан сатады (әр қапта шамамен 70 кило көмір бар).

"Біз нан табу үшін жүрміз", дейді 43 жасар кенші Ибраһим Алмахаев. Оның айтуынша, шахта қираған кезде тірі қалу мүмкіндігі мүлдем жоқ. Бірақ, олардың басқа мүмкіндіктері де жоқ. "Біз, бәрібір, төменге түсеміз. Себебі, жоғарыда бізге жұмыс жоқ", - деп атап көрсетті кенші Абдул Абылқасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны