13.12.2007, 18:50 3398

Қырғызстан Санта-Клаустың отаны екендігін дәлелдемек

Қырғызстан Санта-Клаустың отаны екендігін дәлелдемек

Бішкек. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның билік өкілдері "Қғызстан - Санта-Клаустың елі" фестивалінің циклын өткізу туралы бастама көтеріп, ғажайып ертегі каһарманының отаны дәл осы республика екендігін дәлелдемек ниетте, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің жанындағы Мемлекеттік туризм агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мемлекеттік туризм агенттігі мен мәдениет министрлігі қырғызстандықтарды "2008 жылды Санта-Клаус жылы деп жария ету бастамасын және дүниежүзіне Санта-Клаус - Аяз-Ата, Чолпон-Ата және Қыдыр-Ата сияқты ертегі кейіпкерлерімен қатар тұратын біздің отандасымыз екендігін дәлелдеуді қолдауға" шақырды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Осыған байланысты келер жылы "Санта-Клаустардың бүкіләлемдік конгрессін өткізу, Ферғана шыңына шығып, атауы жоқ тауға "Санта-Клаус шыңы" атауын беру, сонымен қатар жаңа дәстүр - Санта-Клаустың рождестволық стартын құрып, салтанатқа дүниежүзінің саяси көшбасшыларын, қоғам қайраткерлерін, өнер жұлдыздары мен БҰҰ ерікті елшілерін шақыру жоспарлануда, деп хабарлады мемлекеттік туризм агенттігіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, республикада сондай-ақ Санта-Клаустар арасында әлем чемпионаттарын жүргізіп, рождестволық апталық ұйымдастыру жоспарлануда. Чемпионат аясындағы жүргізілуі мүмкін жарыстардың бірі - түтіндікпен өрмелеп шығу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны