02.04.2010, 14:27 2864

Қырғызстан тұрғынынан героин мен гашиштің рекордтық партиясы тәркіленді

Қырғызстан тұрғынынан героин мен гашиштің рекордтық партиясы тәркіленді

Бішкек. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан тұрғынынан героин мен гашиштің рекордтық партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан ІІМ -іне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 сәуірде ІІМ есірткі саудасымен күрес жөніндегі бас басқармасының арнаулы іс-шарасы барысында Ош қаласының тұрғынынан 107 килограмм гашиш пен 21,5 килограмм героин табылып тәркіленді.

43 жастағы Ош тұрғыны есірткіні өз үйінде сақтаған. Милиция қызметкерлері сонымен бірге одан Калашников автоматын да тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны