15.05.2008, 19:31 2851

Қырғызстан үкіметі 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік бюджет болжамын бекітті

Қырғызстан үкіметі 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік бюджет болжамын бекітті

Бішкек. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік бюджет болжамын бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, премьер-министр Игорь Чудинов төрағалық еткен Қырғызстан Республикасы үкіметінің макроэкономикалық және инвестициялық саясаты жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында сөз сөйлеген қаржы министрі Тәжіқан Қалымбетова осы болжамға сәйкес 2009 жылы мемлекеттік инвестиция бағдарламасын қоса есептегендегі бюджеттің жалпы табысы 51,736 млрд сомды құрайтынын хабарлады.

Министрдің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы осы көрсеткіш 65,478 млрд сомға дейін ұлғаяды. 2011 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы шығындары 67 млрд сомға тең болады. 2011 жылғы елдің ЖІӨ 245,748 млрд сом, ал бюджет жетіспеушілігі 595,1 млн сом деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Қырғызстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік бюджет болжамын мақұлдаған үйлестіру кеңесі министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, әкімшілік ведомстволарға және атқару билігінің өзге де органдарына 2008 жылдың 1 шілдесіне дейін орта мерзімдік бюджет болжамы негізінде салалық шығын стратегияларын ескер отырып, бағдарламалық негізде осы жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын құрастыруға қажетті ақпаратты дайындап, оны Қаржы министрлігіне ұсынуды тапсырды.

$1 = 36,4395 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны