06.12.2006, 17:39 2931

Қырғызстан үкіметі "Ыстықкөл" әуежайын қайта жөндеуге байқау жариялады

БІШКЕК. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі халықаралық "Ыстықкөл" әуежайын қайта жөндеуге орай инвестициялық байқау жариялады. Бұл туралы қаулыға республиканың премьер министрі Феликс Құлов қол қойды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Қырғызстан Үкіметінің баспасөз хабарламасында қаулы "Ыстықкөл" облысын одан әрі дамыту мақсатымен алыс магистральды әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізу үшін халықаралық "Ыстықкөл" әуе жайын қайта жөндеуге инвестиция тарту үшін" қабылданған деп көрсетілген.

Байқаудың шарты бойынша, инвестор ұшу-қону жолын 1800 метрге ұзартуы, кем дегенде Ту-154 ұшағы мен сол тектес 6 ұшақ бір мезгілде тұра алатындай перронды кеңейтіп, айналма жолды бірінші жылы сала алуы шарт.

Байқауға қатысушылар алғашқы 2 жылда барлық қажетті инфрақұрылымы бар, сағатына кем дегенде 400 жолаушыға қызмет көрсете алатын аэровокзал салуы; ИКАО-ның бірінші категориялы аэронавигациялық және жарық беруші қондырғыларын жеткізіп, әуежайға жарық беруді қамтамасыз етуі қажет.

Сонымен қатар инвесторлар алғашқы 3 жылда тәулігіне 30 тонна жүк өткізе алатын жүк терминалын салып қолдануға бере алулары; халықаралық "Ыстықкөл" әуежайын 5 жыл ішінде толық қайта жөндеуден өткізу сияқты шарттарды орындаулары қажет.

Байқау жеңімпазы тапқан табысына қарамастан, Ыстықкөл облысының бюждетіне 1 млн доллардан кем емес көлемде қаржы аударулары да керек. Бұл аймақтың инфраструктурасы мен табиғатты қорғау шараларына жұмсалады. Сонымен қатар, Қырғызстан үкіметі әуежайды жаңалау мен оны пайдалану жұмыстарына жергілікті халықты 90 пайыздан кем емес көлемде тартуды ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны