05.08.2008, 10:12 1335

Қырғызстан үкіметі Қазақстаннан спирт сатып алуды жоспарлап отыр

Қырғызстан үкіметі Қазақстаннан спирт сатып алуды жоспарлап отыр

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі Қазақстаннан спирт сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Ауыл, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстаннан спирт сатып алу қажеттілігіне себеп болған спирт өндірісі үшін қажетті өз шикізатының жетіспеушілігі. Спирт және алкогольдік өнімдерді өндіру, сақтау және сату мемлекеттік агенттігінің мамандары атап көрсеткендей, жетіспеушілік себебі қымбат бидай болып отыр. Осыған байланысты өздерінен арзан өзге мемлекеттерден спирт импорттау туралы үкімет қаулысының жобасы жасалуда. Мысал үшін, Қазақстан спирті Қырғызстан спиртіне қарағанда арзан болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны