08.05.2008, 10:26 2879

Қырғызстан үкіметі Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құруда

Қырғызстан үкіметі Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құруда

Бішкек. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құру туралы мәселені парламентте Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов жариялаған. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясының қызметі астық пен ұн импортын, көтерме нарықта ұн сату, ірі көлемдегі нан өндіру, сондай-ақ, астық және ұн интервенциясын іске асыруды қамтиды деп жоспарланып отыр.

И. Чудиновтың айтуынша, Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құру нәтижесінде келесі оң салдар күтіліп отыр: нарықта әлеуеті бойынша негізгі операторлармен деңгейлесетін жаңа компания пайда болады, компаниялар арасында бәсеке артады. Бұл республиканың астық нарығындағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы қорғаныс, ішкі істер, әділет министрліктерінің мекемелерін, аурухана, балалар үйлері және басқа да мемлекеттік мекемелерді алыпсатарлық нарықтық ауытқулардан сақталған баға бойынша нанмен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жағдай тудырады.

Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қуат қоры жасалу үстінде. Ол нан өнімдерінің нарығында жағдай шиеленісе қалса немесе спекуляция мен жетіспеушілік туа қалса іске қосылмақ.

Парламентте мәлімделгендей, Мемлекеттік азық-түлік корпорациясын құру мәселесін ең қысқа мерзім ішінде қарастыру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны