01.06.2007, 16:06 2955

Қырғызстан үкіметі парламентті Қамбарата СЭС жекешелендіруді жылдамдатуға шақырды

БІШКЕК. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі парламент депутаттарын Қамбарата СЭС жекешелендіруді жылдамдатуға шақырды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев депутаттарға арнап сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Уақыт өтіп барады, Қамбарата СЭС құрлысын жылдам бастау керек",- деп атап көрсетті парламентте сөз сөйлеген үкімет басшысы. Ол барлық Орта Азия мемлекеттері бүгінде энергетикалық тәуелсіздік жолында өздерінің қуат өндіретін ірі нысандарын салуда, сондықтан да Қырғызстан жақын арада Қамбарата СЭС салуды бастауға тиіс, деп атап өтті.

Қырғызстан Республикасының премьер-министрідің айтуынша, құрылысқа қазақстандық және ресейлік инвесторларды тарту жоспарлануда. А. Атамбаевтың айтуынша, әрбір елдің үлесі әзірге анықталған жоқ. Республика үкіметі Қамбарата СЭС салуға қатысты келешектегі біріккен кәсіпорын акциясының 34 -36 пайызын Қырғызстанға қалдыруды ұсынады, бірақ кейбір депутаттар үлесті 51 пайызға дейін өзіруді талап етіп отыр.

"Егер акцияның 51 пайызы Қырғызстанға тиесілі болса, онда инвестор табу қиынға соғады",- деп атап көрсетті А. Атамбаев.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Қамбарата СЭС құрылысын бастау үшін заңнамаға белгілі бір өзгертулер енгізу үшін қырғыз парламентшілерінің келісімі қажет. Сарапшылардың бағалауы бойынша, су электр станциясын салуға кем дегенде 2,5 млн АҚШ доллары қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны