17.01.2008, 11:55 1860

Қырғызстан үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 7 млн сом көмек бөлді

Қырғызстан үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 7 млн сом көмек бөлді

Бішкек. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов жер сілкінісінен зардап шеккен Ош облысының және Ош қаласының тұрғындарына көмек беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, апат салдарын жоюға үкіметтің резервтік қорынан 1 млн сом бөлу туралы шешім қабылдады (1$ - 35 сом). Ол қаражат Ош облысының мемлекеттік әкімшілігі мен Ош қаласының мэриясы арасында бөлінеді.

Бұдан өзге Қырғызстан үкіметі Төтенше жағдайлар министрлігіне 6 млн сомнан астам материалдық құралдар бөлген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, трансфарматорлар мен құрылыс материалдары өткен жылдың 26-желтоқсанында Ош облысындағы жер сілкінісі кезінде бүлінген қоғамдық маңызы бар объектілерді қалпына келтіруге пайдаланылатын болады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 26-желтоқсанында Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігінде 5,5 - 6 балл тіркелген. Шамамен осындай болатын қайталанған сілкініс Ош облысында 1-қаңтар күні орын алды. Нәтижесінде 700-ден астам үйлер мен қоғамдық ғимаратар әртүрлі деңгейде бүлініске ұшырап, көптеген қырғызстандықтар баспанасыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны