25.06.2008, 14:08 2731

Қырғызстан үкіметі Жогорку кенешке Тәжікстан, Қырғызстан Ауғанстан мен Пәкістанда ортақ электр жалғастыру желілерін салу жобасын ұсынды

Қырғызстан үкіметі Жогорку кенешке Тәжікстан, Қырғызстан Ауғанстан мен Пәкістанда ортақ электр жалғастыру желілерін салу жобасын ұсынды

Душанбе. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі Жогорку кенештің отын -энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитетіне Тәжікстан, Қырғызстан Ауғанстан мен Пәкістанда ортақ электр жалғастыру желілерін салу жөніндегі келісімнің жобасын ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Ақылбек Тюменбаевтың айтуынша, жоба осыдан 10 жыл бұрын Тәжікстан, Ауғанстан мен Пәкістанға электр қуатын жеткізу үшін ойластырылған. Электр жалғастыру желісі Жалалабад облысы Базарқорған ауданындағы "Датқа" қосалқы станциясынан Тәжікстандағы Ходжент қосалқы станциясына дейін жалғасады. Бұл желімен 2 млрд киловатқа жуық электр қуатын экспортқа шығару көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны