14.07.2008, 18:44 2775

Қырғызстанда 13 шілдеде болған шаңды боран Талдықорғанның электр қамтамасыздығына әсер етті

Қырғызстанда 13 шілдеде болған шаңды боран Талдықорғанның электр қамтамасыздығына әсер етті

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 13 шілдеде болған шаңды боран Талдықорғанның электр қамтамасыздығына әсер етті, қаланың тұтынушылары толық жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апатқа қарсы автоматты жабдықтың жұмыс істеуіне байланысты Алматы мен Алматы өңірінде шектеу 205 МВт болды. 15 сағат 37 минутта жарық беріліп, 21 сағатта қала мен Алматы өңірінде электр тұтыну толық қалпына келтірілді.

2008 жылдың 12 шілдесінде күрделі жөндеу жоспары бойынша, Север-Юг желісі жөнделе бастады. Осы сәттен бастап республиканың оңтүстік өңірінің тұтынушылары электр қуатын тек Жамбыл ГРЭС мен Қырғызстан станцияларынан алуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны