11.05.2010, 14:34 2990

Қырғызстанда 7 сәуірде Бішкекте митинг қатысушыларына қаратып оқ атқан сұрмергендер ұсталды

Қырғызстанда 7 сәуірде Бішкекте митинг қатысушыларына қаратып оқ атқан сұрмергендер ұсталды

Бішкек. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанда 2010 жылғы 7 сәуірде Бішкекте Үкімет үйінің шатырынан митингіге қатысушыларға қаратып оқ атқан 8 сұрмерген ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Азимбек Бекназаров Ош облысының активімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның құқық қорғау органдары сұрмергендерді ұстады, олар қазір жауап беріп жатыр. "Халыққа қаратып оқ ату жөнінде нақты кімнің бұйрық бергені жайлы ақпарат қазір бар", - деді А. Бекназаров.

Еске сала кетейік, Бішкекте 6 - 8 сәуірде болған оқиғалар кезінде 86 адам қаза тауып, 1500-ден астам азамат жарақаттанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны