26.01.2010, 13:40 4033

Қырғызстанда A (H1N1) тұмауымен ауыруға қатысты ахуал күделілене түсті - Денсаулық сақтау министрлігі

Қырғызстанда A (H1N1) тұмауымен ауыруға қатысты ахуал күделілене түсті - Денсаулық сақтау министрлігі

Бішкек. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Қырғызстанда A (H1N1) тұмауымен ауыруға қатысты ахуал күделілене түсті. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысының орынбасары Мадамин Қаратаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен Қырғызстанда тұмаумен ауырудың зертхана арқылы дәлелденген 228 оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 26 оқиға (9%) сырттан әкеліген және 262 оқиға (91%) ел ішінде шыққан", - деді М. Каратаев.

Министр орынбасарының айтуынша, A (H1N1) тұмауынан өзге, елдегі жұқпалы ауруларға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны