07.08.2008, 16:02 2660

Қырғызстанда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға рақымшылық жарияланды

Қырғызстанда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға рақымшылық жарияланды

Бішкек. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға рақымшылық жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті заңға Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев "адамгершілік пен мейірімділік қағидаларын ескере отырып, сондай-ақ, БҰҰ-ның жалпыға ортақ адам құқықтарының декларациясын қабылдағанына 60 жыл толуына орай" қол қойған.

Заң сотталған 32 әйел мен жасөспірімді қылмыстық жауапкершіліктен және бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатуды және 358 сотталушының жаза мерзімдерін қысқартуды қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны