22.04.2008, 16:14 3052

Қырғызстанда алғаш рет "2008 жылғы өңірлік ынтымақтастық" командалық-штабтық жаттығулары өтуде

Қырғызстанда алғаш рет "2008 жылғы өңірлік ынтымақтастық" командалық-штабтық жаттығулары өтуде

Бішкек. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте Қырғызстанның қарулы күштері мен АҚШ-ның орталық қолбасшылығы арасында екіжақты байланыс жоспарына сәйкес "2008 жылғы өңірлік ынтымақтастық" көпұлтты командалық-штабтық жаттығуды жоспарлау бойынша конференция өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, командалық-штабтық жаттығу сатыларының бірі болып табылатын конференция жұмысына сондай-ақ Ауғанстан, Қазақстан, Пәкістан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысуда.

Жаттығудың іс-әрекеттер бөлігі биылғы жылдың жазында Қырғызстанның Қорғаныс министрлігінің офицерлер мен прапорщиктердің біліктілігін арттыру орталығында өткізіледі. Бұған дейін осы тектес жаттығулар АҚШ, Германия мен Қазақстанда өткізілгенін айта кеткен жөн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны