20.10.2011, 18:57 8453

Қырғызстанда аусыл ауруы шықты

Қырғызстанның Шу облысында аусыл ауруының шығуына байланысты Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдері мен жұмыртқа және сүтке тыйым салды.

Алматы. 20-қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда аусыл ауру шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанның Шу облысында аусыл ауруының шығуына байланысты Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдері мен жұмыртқа және сүтке тыйым салды.

"19 қазанда ауыл шаруашылық министрлігі Қырғызстаннан әкелінетін жүктердің ветқызмет бақылауындағы барлық түрлеріне тыйым салды, оның ішінде Кедендік одақ тізіліміне енгізілген тауарларға да. Бірақ оларға аусылмен ауырмайтындар, балықтар, құс еті мен оның өнімдері, бал арасы мен балы жатпайды", - деді А. Испуллаев бейсенбі күні телефон арқылы.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеге сай, шектеу 1 жылға енгізіледі.

Оның айтуынша, Қырғызстанда аусыл анықталғаны туралы алғашқы хабар 13 қазанда келе бастаған. Сол күні ҚР АШМ шұғыл түрде аурудың тарихына және қабылданып жатқан таралмау шараларына сұрау салды.

"Сол сауалда, егер Қырғызстан тарапынан 17-ші қазанға дейін жауап болмаса, Қазақстан біздің республиканың ветеринарлық бақылауына жататын тауарларды әкелуге біржақты түрде тыйым салатынын ескерткен...", - деді ол.

Оның айтуынша, 18 қазанда қырғыздар жағы ірі-қара мүйізді мал арасында Шу облысының Панфилов ауданында аусыл бар екенін растаған. Ресейлік референц-зертханалар ол аусылдың А типтегі ирандық тегі барлығын анықтаған.

А. Испуллаевтың айтуынша, Қазақстан ветеринарлық қызметі қазір шұғыл түрде аусылдың ел территориясында таралмауына шара қолданып жатыр.

"Атап айтқанда Қырғызстан шекарасында дезинфекциялық тосқауылдар қойылып, Жамбыл облысының Қырғызстанмен шекаралас аудандарында жаппай малдарды егу жұмыстары басталыпты. Оған қажет қаражат пен вакцина бөлінген.

"Жағдай күн сайын тұрақты бақылануда, әзірге аусылдың Қазақстан территориясында пайда болуы тіркелген жоқ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны