03.09.2007, 15:01 2657

Қырғызстанда бірқатар шенеуніктер тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымына көмектескен деп айыпталуда

Қырғызстанның оңтүстігінде бірқатар шенеуніктер тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белсенділеріне көмектескен деп айыпталуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстанның оңтүстігінде бірқатар шенеуніктер тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белсенділеріне көмектескен деп айыпталуда, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, Ош облысының Қара-Суу қаласының басшы қызметкерлерінің бірі мен екі квартал комиттетінің басшылары тыйым салынған қозғалыс өкілдеріне жасанды құжат жасап бергендігін анықтады. "Шенеуніктердің көмегімен туу туралы куәлік, тіркеу куәлігі, медициналық сақтандыру кітапшасы және басқа да құжаттар жасалынған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ олардың хабарлауынша, тыйым салынған ұйымның өкілдері тектерін өзгертіп, жаңа төлқұжатпен шетелге шықпақ болған.

Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, әзірге шенеуніктердің экстремистік ағым өкілдеріне көмек көрсетуіне қатысты екі оқиға дәлелденген, олардың бірі басшылық лауазымды атқарған. Аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны