20.07.2007, 14:40 2827

Қырғызстанда бірнеше түрмеде қамауда отырғандар ереуілге шақты; 30 адам өздерін пышақпен жарақаттады

БІШКЕК. 20 шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның бірнеше түрмесінде қамауда оытрғандар ереуілге шақты; 30 адам өздерін пышақпен жарақаттады. Осы әрекетімен олар қылмыс әлемінің серкесі Изиз Байтукаевты №16 түзету мекемесінен көшіруге қарсылық білдірген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан әділет министрінің орынбасары Сергей Зубов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С. Зубовтың айтуынша, И. Батукаев №16 түрмеден Қаракөл қаласындағы камералық үлгідегі тергеу изоляторына кеше ауыстырылған. Бұл шешімге қарсылық білдірген қамаудағылар аштық жариялады, бұл шараға бірнеше сағаттың ішінде республиканың барлық түзету мекемелері қамтылған.И.Батукаевты жақтаушылардың арасындағы ең белсенділері өз қолдары мен тамақтарын тіліп жіберген. Бірақ олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, деді С.Зубов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны