27.03.2007, 14:19 3521

Қырғызстанда болған көшкін бір көлікті басып қалды

БІШКЕК. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Жалал-Абад облысында болған қар көшкіні бір көлікті басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көшкін 26-наурызда Бішкек - Ош тасжолында, Алабұқа - Канышкыя аумағында болған. Түскен қардың көлемі 25-30 мың текше метрді құрап отыр.

Көшкін түскенге дейін жолда көліктің жүруінің қиындауына байланысты ГАЗ-24 пен УАЗ-469 көліктері тоқтаған. Көшкіннен кейін ГАЗ-24 көлігі қар астында қалған, құрбан болғандар жоқ. Жолдарды тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылған. Жол уақытша жабылды.

Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі жақын күндері Бішкек - Ош көлік жолдарының түрлі аумақтарында қар көшкіні болады деп болжауда, осыған байланысты азаматтардан осы бағытта жол жүрмеуді сұрап отыр.

Бішкек - Ош тасжолы республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын жалғыз көлік жолы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны