12.05.2010, 18:06 3275

Қырғызстанда бұрынғы мемлекеттік мүлік министрі ұсталды

Қырғызстанда бұрынғы мемлекеттік мүлік министрі ұсталды

Бішкек. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Бас прокуратурасы бұрынғы мемлекеттік мүлік министрі Турсун Турдумамбетовты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Т. Турдумамбетовқа лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, атап айтқанда, "Северэлектро" ААҚ-ның мемлекеттік акциялар топтамасын "Чакан ГЭС" АҚ-ның арзан бағаға заңсыз жекешелендіріп алуы салдарынан мемлекетке $120 млн көлемінде шығын келтірілді деген айып тағылуда.

Қазір Т. Турдумамбетовты бұған дейін қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеушілер тобы сұраққа алып жатыр, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны