22.04.2010, 15:19 3147

Қырғызстанда бұрынғы президент Бакиевтің бір ағасы жоғалып кетті

Қырғызстанда бұрынғы президент Бакиевтің бір ағасы жоғалып кетті

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанда бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің бір ағасы Ахмат Бакиев жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғы президентті қолдаушылар штабының өкіліне сілтеме жасай отырып "Акипресс" агенттігінің хабарлауынша, А. Бакиев кеше кешке жоғалып кеткен. Хабарламада атап көрсетілгендей, "онымен жаңа басшылықтың өкілдеріміз деп өздерін таныстырған белгісіз біреулер телефон арқылы сөйлесіп, келіссөздерге шақырған, кейін Ахмат байланысқа шыққан кезде екі рет атылған оқтың дауысы естілген, бұдан кейін онымен арадағы байланыс үзілген".

Қазір бұрынғы президенттің ағасының жүрген жері белгісіз , оның ұялы телефоны өшірулі, деп хабарлайды РБК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны