02.05.2007, 16:51 2928

Қырғызстанда бұрынғы президенттің қызы сайлауға түскен округ бойынша сайлау өтпеді деп танылды

БІШКЕК. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстанда бұрынғы президенттің қызы Бермет Акаева сайлауға түскен №57 Кемин округі бойынша парламент сайлауы өтпеді деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республиканың Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау нәтижесін теріс деп тану туралы шешім төрт учаскеде дауыс санау қорытындысының жалғандығына қатысты дерек анықталуға байланысты қабылданған. Кемин сайлау округінде сайлау барысын 800-дей адам қадағалаған. Дауыс беру барысына қатысқан тәуелсіз бақылаушылар жол берілген кемшіліктер мен әкімшілік ресурсты пайдалану дерегі туралы хабарлап үлгерді. Атап айтсақ, Қырғызстанның үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдары қауымдастығының жетекшісі Тоқтайым Үмбеталиева бүгін өткен баспасөз мәслихатында округтік сайлау комиссиясына қысым көрсету деректері жайлы хабарлады.

"Бақылаушылардың арасында халықаралық ұйымдардың қызметкерлері де болған, алайда олар да қысым көрді",- деді құқық қорғаушы.

Кемин сайлау округі бойынша ең көп дауысты жеке кәсіпкер Эрик Арсалиев жинады. Оның сайлаушылардың 29,93% қолдаған. Э.Арсалиевтің жақтастары бүгін Кемин аудандық әкімшілігі ғимаратының жанында Орталық сайлау комиссиясының сайлауды өтпеді деп тану туралы шешімін алып тастауды талап етті. Осы округ бойынша сайлауға түскен Б.Акаева дауыс беруден бір күн бұрын сайлау алдындағы додадан шығарылды.

№57 Кемин округі бойынша және №40 Отузадыр округі бойынша Қырғызстан парламентінің қосымша сайлауы 29-сәуір, жексенбіде өткен. Отузадыр округі бойынша парламент сайлауы өтті деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны