11.12.2006, 18:48 2828

Қырғызстанда экс-депутатты ұрлады деп айыпталушылардың жақтастары Бішкекке атты шеруге шықпақшы

БІШКЕК. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстанда мүлікті жымқырды деп айыпталушы экс-депутат Мамат Орозбаевтың жақтастары республиканың оңтүстік аймағынан Бішкекке дейін атты шеруге дайындалуда. Бұл туралы бүгін депутатты қорғау бойынша шұғыл құрылған комитеттің төрағасы Аттокур Бузурманқұлов баспасөз маслихатында құлағдар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Бузурманқұловтың сөзіне сүйенсек М.Орозбаевті қорғаудағы атты шеруге Қырғызстанның оңтүстік өңірінің Қарасу және Үзген аудандарының тұрғындары қатыспақ.

Комитет төрағасы экс-депутат 8-желтоқсан күні Ош облысының прокуратурасына шақырылып, ұсталған және уақытша тергеу абақтысына қамалған. М.Орозбаев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталуда, яғни өте үлкен көлемде мүлік жымқырған және коммерциялық және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің құзыретін асыра пайдаланған.

А.Бузурманқұлов М.Орозбаевқа Қырғызстанның Ош облысының Қарасу ауданында орналасқан пансионатты заңсыз жекешелендіріп алған деген айып тағылуда деп түсіндіреді.

Ол сондай-ақ, 9-желтоқсан күні Ош облысының прокуратурасы ғимаратының алдында М.Орозбаевты қолдайтын шеру өтетіндігін хабарлады. Шараға жүздей адам қатысады.

Бұрын айтылғандай, үстіміздегі жылдың көктемінде болған парламентке депутаттарды қосымша сайлау алдында М.Орозбаевтың жақтастары басқа кандидат Санжар Қадырғалиевтің жақтастарына қарсы тұруға белсенді қатысқан болатын. Алауыздық нәтижесінде Қырғызстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғап жатқан маңызды жол жабылып, аштық жарияланған және де өзін-өзі өртеу туралы қорқытулар жасалған.

Бішкектегі атты шеру Қырғызстандағы наразылық нысаны ретінде бірінші рет өтіп отыр. Бұрындары республиканың жекелеген аудан тұрғындары өз талаптарын орындату үшін ел астанасына қарай талай жаяу шерулерге шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны