18.08.2008, 17:45 2810

Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да отыз пайызға қысқартылады

Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да отыз пайызға қысқартылады

Бішкек. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да отыз пайызға қысқартылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Бішкектегі БҰҰ үйінде Қырғызстандағы донорлық агенттіктердің өкілдерінің республика үкіметі өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балкибековтың хабарлауынша, Тоқтағұл су қоймасындағы көлемі қазір 9 млрд 400 млн текше метрді құрайды, бұл былтырғыдан 4,5 млрд текше метрге кем.

Ол Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да 33% пайызға қысқартылады деді. Бұл Тоқтағұл су қоймасындағы көлемі 2009 жылдың 1 сәуірінде тиісті 6 млрд текше мертді құрауы үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны