13.08.2008, 18:57 3093

Қырғызстанда "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің уран өндіру әсеріне ұшыраған аумақтарын рекультивациялау" бағдарламасы талқылануда

Қырғызстанда "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің уран өндіру әсеріне ұшыраған аумақтарын рекультивациялау" бағдарламасы талқылануда

Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Қажысай қаласында тамыздың 12 мен 15 аралығында "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің уран өндіру әсеріне ұшыраған және басқа да радиоактивті уланған аумақтарды рекультивациялау" мақсаттық бағдарламасының тұжырымдамасы жобасы бойынша ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің сарапшыларының кеңесі өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кеңес жұмысына Қырғызстаның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Т. Жүнісәлиев, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мониторинг және болжам жасау департаментінің директорының орынбасары А. Айталиев, осы министрліктің сыртқы байланыс және инвестиция басқармасының бастығы Т. Темірәлиев және ЕурАзЭҚ елдерінің сарапшылары қатысуда.

Аталмыш шара аясында тұжырымдама жобасының соңғы нұсқасы талқылануда. Ол тұжырымдаманың аясында Мың құс қалдық кешені мен Ыстықкөл облысындағы Қажысай қаласындағы қалдық қоймасы бойынша екі пилоттық жоба қарастырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны