11.06.2008, 13:30 1378

Қырғызстанда халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты 14 маусым қаралы күн деп жарияланады

Қырғызстанда халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты 14 маусым қаралы күн деп жарияланады

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қайтыс болуына байланысты 14 маусым қаралы күн деп жарияланады, бұл күні елдің мемлекеттік туы түсіріліп, көңіл көтеру бағдарламалары, сауық шаралары мен хабарлары тоқтатылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан президентінің жарлығына сәйкес, елде халық жазушысы Шыңғыс Айтматовты жерлеу рәсімін ұйымдастыратын мемлекеттік комиссия құрылды. Оны мемлекеттік хатшы Нур уулу Досбол басқаратын болды. Сол күні Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында жазушыны ақтық сапарға шығарып салу шарасы өтеді. Жазушы "Ата-Бейит" мұражай-мемориалдық кешенінде жерленеді. 2008 жылдың желтоқсан айында Шыңғыс Айтматов 80 жасқа шығатын еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны