04.12.2007, 18:09 2988

Қырғызстанда ислам мемлекетін құруға шақырған үндеу хаттар табылды

Қырғызстанда ислам мемлекетін құруға шақырған үндеу хаттар табылды

Бішкек. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының құқық қорғау органдары ел астанасы мен аймақтарынан "Эркин Кыргызстан" партиясына дауыс беруге және ислам мемлекетін құруға шақырған үндеу хаттар тәркілеуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алғашқы үндеу хаттар кеше, 3-желтоқсанда Бішкектің ықшамаудандарынан, кейінірек - республиканың Шу, Ош және Жалал-Абад облыстарынан табылған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Мусулмандар жана мусулман айымдар - баардыгынар шайлоого!!!" (Мұсылмандар жаппай сайлауға барыңдар) атты үндеу хаттар орыс және араб тілдерінде шығарылған. Аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды. Барлық үндеу қағаздары шешім қабылдау үшін аудандық, облыстық сайлау комиссияларына берілді. "Эркин Кыргызстан" партиясының көшбасшы үштігіне Қырғызстан Республикасының омбудсмені Бакир уулу Турсунбай, Кылычбек Султанов, бір жергілікті газеттің бастығы Рашад Камалов кіреді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда парламент сайлауы үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны