23.06.2006, 16:31 3166

Қырғызстанда Ыстықкөл облысы қазақтарының құрылтайы өтуде

БІШКЕК. 23-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қаракөл қаласында Қырғызстанның Ыстықкөл облысы қазақтарының бірінші құрылтайы басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

Шараға Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков басқарған өкілдер қатысуда.

Құрылтай өткізу туралы бастаманы Ыстықкөл облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы қазақтардың қоғамдық бірлестігі көтерген. Тараптар талқылау барысында Қырғызстандағы қазақ диаспорасының проблемаларын саралап, “Қырғызстан оралмандары” қоғамдық қозғалысының жұмыс жоспарын белгілемекші.

Құрылтай фольклорлық ұжымдардың концертімен аяқталды. Мәдени бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшілігінің жүлдесі үшін спорттық күрес сайыстары өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны