02.08.2007, 15:19 3155

Қырғызстанда Қамбарата су электр станциясын жекешелендіруге рұқсат беретін заңға қол қойылды

БІШКЕК. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев "Тоқтағұл СЭС мен ұлттық жоғары вольтты электр жалғастыру желесінің айрықша мәртебесі туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа заңда, Тоқтығұл СЭС каскадының билігіндегі акционерлік қоғамнің мүлкі қандай жағдайда да иеліктен шығарылмайтындығы қарастырылған. Бұл санатқа құрылысы аяқталмаған Қамбарата су электр станциясы мен Бішкек қаласындағы жылу электр орталығы кірмейді.

"№1 және 2 Қамбарата су электр станциясының құрылысы Қырғызстан Республикасының жеке заңымен айқындалады",- деп атап көрсетілген президенттің баспасөз қызметінен. "Бішкек қаласындағы жылу электр орталығын меншіктен шығарғаннан кейін электр және жылу қуатының тарифі өкілетті мемлекеттік органдардың шешімімен белгіленеді",- деп айтылған ақпаратта.

Бұрын хабарлағанымыздай, республиканың билік өкілдері Тоқтағұл су электр станциясының каскады туралы заңға түзетулер енгізу туралы заңынсыз Қамбарата су электр станциясының құрылысын аяқтау туралы келіссөздер жүргізе алмаған.

Бұл жобаға ресейлік және қазақстандық инвесторлар қатысады деп жоспарлануда. Алдын-ала берілген мәліметтер бойныша, құрылысты аяқтауға 2,5 млрд жуық АҚШ доллары қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны