15.03.2007, 10:57 2866

Қырғызстанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Гуронов қызметтен босатылды

БІШКЕК. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Осмонали Гуронов қызметтен босатылды. Тиісті жарлыққа ел президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, О.Гуронов басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтен кеткен. Ол Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына өткен жылғы желтоқсанда тағайындалған болатын. О.Гуроновтың отставкаға кету себебіне республиканың ресми тұлғалары түсініктеме берген жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жуырда өткен баспасөз мәслихатында экс-премьер -министр Феликс Кулов өз мәлімдемесінде үкімет басшысы қызметінен босатылғаннан кейін оған президент әкімшілігінің жетекшісі және Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымдары ұсынылғанын жеткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны