25.07.2008, 16:46 7332

Қырғызстанда Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің темір жол саласы жетекшілерінің отырысы ашылды

Қырғызстанда Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің темір жол саласы жетекшілерінің отырысы ашылды

Бішкек. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қырғызстанда Ыстықкөл жағалауында Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің темір жол жетекшілерінің отырысы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қырғыз темір жолы" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорынына сілтеме жасай отырып.

"Қырғыз темір жолының" хабарлауынша, кездесудің басты тақырыбы халықаралық тасымал саласындағы Орта Азия өңірінің темір жолын дамыту стратегиясын жасап шығару.

Қырғыз жағы отырыс барысында, сондай-ақ, "Қырғыз темір жолының" орта мерзімге арналған даму жоспарының жобасын таныстырды. Оның басты құрамдас бөлігі Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолын салу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны