10.04.2008, 19:27 2951

Қырғызстанда Қазақстанға жер беруге қарсы өткізілген акцияға қатысушылар тұтқындалды

Қырғызстанда Қазақстанға жер беруге қарсы өткізілген акцияға қатысушылар тұтқындалды

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстанға жер беруге қарсы өткізілген акцияға қатысушылар тұтқындалды. Үкімет ғимаратының алдындағы алаңға жиналған шерушілер өздерінің ұрандарын айта отырып қарсылықсыз құқық қорғау органдарына берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Акцияға қатысушыларға Икімшілік кодекстің екі бабы бойынша айып тағылады, деп хабарлайды ішкі істердің Бірінші май аудандық бөлімінің бесінші ротасының командирі Жәнібек Илиев. Милицияның аталмыш бөлімшесі жастар ұйымдары белгілеген акция қатысушыларын бірінші болып тұтқындаған.

"Оларға Икімшілік кодексінің 371 (милиция талабына бағынбау) және 392 (Шерулер және саяси акциялар өткізу ережесін бұзу) баптары бойынша айып тағылады. Олардың кінәсі дәлелденсе айыппұл төлеу немесе 15 тәулікке дейін қамауда ұстау жазасы белгіленуі мүмкін", - деп хабарлады Жәнібек Илиев.

Оқиғадан кейін оппозициялық "Ата-Мекен" партиясының жастар қанатының өкілдері мерзімсіз Қырғызстан астанасында мемлекет жерлерін өзге елдерге беруге қарсылық акциясын өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Социалистік "Ата-Мекен" партиясының жастар қанатының жетекшісі Жоомарт Сапарбаевтың айтуынша, акция тек бейбіт сипатта ғана өтеді. "Біз қоғамды оятуды және билікті біздің мүддемізді қорғауға көндіруді көздеп отырмыз. Бұл биліктің үш жыл ішінде сатқан жерінің көлемі бірінші президент Асқар Ақаевтың бүкіл басқарған жылдары ішінде сатылған жерден көп", - деп атап көрсетті Жоомарт Сапарбаев.

Ол акцияның басталуы кездейсоқ алынбағанын, өйткені, келер аптада Қырғыз жерінің бір бөлігін, атап айтқанда, Ыстықкөл облысының Қарқара шатқалын, төрт пансионатты, сондай-ақ, Шу және Талас облыстарындағы кейбір аумақтарды Қазақстанға беру туралы заң жобасы парламентте талқылана бастайтынын хабарлады. "Содан кейін депутаттар мен үкімет су электр станцияларын жекешелендіру мәселесін талқылауға кіріседі. Ел басшылығы отандық мүддені емес, Қазақстанның мүддесін қорғап отырғандай әсер қалдырады", - деді Жоомарт Сапарбаев.

"Сонда, неліктен 1992 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан басшылығы өзінің Сочидегі пансионаттарын, ал Ресей Байқоңырды иемденуді талап етпейді", - деді "Ата-Мекен" партиясының жастар қанатының көшбасшысы.

"Біздің акция өткізетініміз туралы кеше билікті де, бұқаралық ақпарат құралдарын да ескерттік. Сондықтан, өзіміз өткізген акцияны заңды деп есептеймін. Бұл ел Конституциясында бекітілген", - деп мәлімдеді тілшілерге "Мен сенбеймін..." акциясына қатысушылардың бірі Гүлшайыр Ибдірасулова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны