11.09.2007, 18:49 3119

Қырғызстанда көлеңкелі экономиканы заңдастыру жөніндегі бағдарлама қабылданды

Қырғызстанда көлеңкелі экономиканы заңдастыру жөніндегі бағдарлама қабылданды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстанның үкіметі 2007-2010 жылдарға арналған көлеңкелі экономиканы заңдастыру жөніндегі бағдарлама қабылдады. Сәйкес қаулыға елдің премьер-министрі Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қырғыз Республикасындағы көлеңкелі экономиканың әсері заңды бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтіретіндей деңгейге жетті",- деп атап көрсетілген бағдарламаның негізінде.

Құжатта, көлеңкелі экономиканың өсу себептерінің бірі салық төлеушілердің этикаларының төмендеуіне сәйкес мемлекеттік институттарға деген сенімділік пен адалдықтың төмендеуі болып табылады. Осыған байланысты, "заңды экономиканы нығайту және уақыт пен ахуалға лайықты заңдарды пайдалана отырып , икемді күрес тәсілдерін, тактика мен шараларды пайдалану" ұсынылып отыр.

Бағдарламаны Қырғызстанның Қаржы министрлігі министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, әкімшілік мекемелердің, басқа да атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде әзірлеген. Құжат көлеңкелі бизнестен заңды бизнеске көшу үшін ынталандыруға бағытталған.

Атап айтқанда, салық ауыртпалықтарын төмендету мен салық процедураларын жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру ұсынылған, сөз бизнес ортасын, тіркеу және лицензиялау жүйесін жақсарту жөніндегі шаралар туралы болып отыр.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қырғызстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі жалпы ішкі өнімнің 35 - 40 пайызын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны