09.11.2006, 10:08 2741

Қырғызстанда Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу жөніндегі келісім комиссиясы жұмысын аяқтады

БІШКЕК. 8 ноября. Kazakhstan Today. Қырғызстанда Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу жөніндегі келісім комиссиясы жұмысын аяқтады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғандай , талқылау барысында тараптар парламентті, үкіметті және сот органдарын құру тәртібіне қатысты үш мәселе бойынша келісімге келді.

"Қырғызстан Республикасы Жогарку Кенешінің регламенті туралы" заңға "өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасына Қырғызстан президенті қол қоятын болса парламент ҚР Конституциясының жаңа редакциясын талқылауға кіріседі.

Келісім комиссиясының құрамына депутаттар Осмонбек Артыкбаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Каныбек Иманалиев, Айдарбек Керимкулов, Исхак Масалиев, Улукбек Ормонов, Замирбек Эсенаманов және мемлекеттік хатшы Адахан Мадумаров, Жоғарғы сот төрағасы Курманбек Османов, Ош облысының губернаторы Жанторо сатыбалдиев, президент әкімшілігі заң бөлімінің меңгерушісі Бектур Зулпиев кірді.

Келісім комиссиясы жаңа Конституцияның мәтініне қатысты президент пен парламенттің ортақ ұстанымға келуі үшін құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны