04.08.2015, 18:59 3762

Қырғызстанда күші 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Биыл Қырғызстанныӊ барлық аумағында сейсмикалық қауіптіліктіӊ кезекті арту фазасы күтілуде. Қырғызстан Республикасы Сейсмология институтыныӊ болжамынша, Тәжікстан және Қытаймен шекаралас аймақтарда 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Биыл Қырғызстанныӊ барлық аумағында сейсмикалық қауіптіліктіӊ кезекті арту фазасы күтілуде. Қырғызстан Республикасы Сейсмология институтыныӊ болжамынша, Тәжікстан және Қытаймен шекаралас аймақтарда 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жерасты дүмпулері қауіп төндіріп отырған аймақтар қатарында Солтүстік Тянь-Шань (Ыстықкөл облысы) және Баткен, Ош облыстары бар, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қырғызстан ТЖМ тамыз айында елдіӊ барлық аумағында ауа райыныӊ өзгеруіне байланысты экзогенді табиғи процестер жандануы мүмкін екенін хабарлады. Тау бөктері мен таулы аймақтарда ауа температурасыныӊ құбылуы, желдіӊ күшеюі мен нөсер жауын селдіӊ жүруіне, су тасқыны мен лай көшкініне себеп болуы ықтимал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны