Система Orphus

Қырғызстанда "Манас" әуебазасы бойынша жаңа келісімнің жобасы дайындалды

11.06.2009, 15:54 800

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда "Манас" әуебазасы бойынша жаңа келісімнің жобасы дайындалды. Бұл туралы ТМД елдері институтының өңірлік филиалының директоры, саясаттанушы Александр Князев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, Қырғызстан жаңа келісім бойынша жылына 350 млн доллар көлемінде құн сұрап отыр. Бірақ түпкілікті шешім Шанхай ынтымақтастығы ұйымы көшбасшыларының Екатеринбург қаласындағы кездесуі кезінде Қырғызстан және Ресей президенттерінің жүздесуінде қабылданады", - деді А. Князев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны