05.06.2008, 17:38 2888

Қырғызстанда Мемлекеттік материалдық қор қызметкерлерінің заңсыз ұн сатумен айналысқаны мәлім болды

Қырғызстанда Мемлекеттік материалдық қор қызметкерлерінің заңсыз ұн сатумен айналысқаны мәлім болды

Бішкек. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Мемлекеттік материалдық қор қызметкерлерінің заңсыз ұн сатумен айналысқаны мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Мемлекеттік материалдық резерв қорының лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 18 млн сом шығын келгендігі атап көрсетілді.

Қырғызстан Республикасының ҚК "Немқұрайдылық" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаржы полициясының басқармасына тергеуге жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны