01.08.2008, 14:55 3082

Қырғызстанда ойыншық тапаншаның көмегімен жинақ кассасына тонаушылық жасалды

Қырғызстанда ойыншық тапаншаның көмегімен жинақ кассасына тонаушылық жасалды

Бішкек. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ойыншық тапаншаның көмегімен жинақ кассасына тонаушылық жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бішкектегі бір жинақ кассасына тал түсте тонаушылық жасалды. Қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның біреуі бетін медициналық ақ дәкемен байлап алса, екіншісі бет орамалмен көлегейлеген. Біріншісі тапаншамен қорқытып, елдің бәріне еденге етпетінен жатуды бұйырған, оған бағынбаған бір ер адамды ұрып жыққан. Екіншісі осы уақытта ақша жинап жүрген. Олар барлығы 100 мыңнан астам сомды қолды болдырған. Бұдан кейін көшеге атып шыққан әлгілер өздерін күтіп тұрған көлікке отырып іздерін жасырған.

Қатерге қарамастан, кассир қыз дабыл түймесін басып үлгерген. Қылмыс орнына шұғыл келіп жеткен оперативтік қызметкерлер күдіктілердің ізіне бірден түсті. Олардың біреуінің үйіндегі тінту кезінде пластмассадан жасалған тапанша мен ірі көлемде ақша табылған. Милиция бұл тоналған ақшаның бір бөлігі деп болжауда. Қазір оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.

$1=35,2 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны