28.10.2007, 13:07 2581

Қырғызстанда оппозиция өкілі Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясының төрағасы болып тағайындалды

Қырғызстанда оппозиция өкілі Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясының төрағасы болып тағайындалды.

Бішкек. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда оппозиция өкілі болып табылатын бұрынғы депутат Мэлс Эшимканов Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясының төрағасы болып тағайындалды. Республика президенті Құрманбек Бакиев осы жөніндегі жарлыққа 26 қазанда қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің мемлекет абсшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарлыққа " Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясын басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін қол қойылған".

Осы орайда еске салсақ, Қырғызстанда өткен жылғы күз бен осы жылғы көктемде болған оппозициялық митинг талаптарының бірі - Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясын реформалау болған. Оппозиция өкілдерінің пікірінше, Ұлттық телерадиохабарларын тарату корпорациясы елдегі оқиғаларды шынайы хабарлай алған жоқ.

М. Эшимканов 1992 жылғы қаңтар мен 2001 жылғы сәуір айлары аралығында оппозициялық "Асаба" газетінің абс редакторы және шолушысы болды . 2001 - 2005 жылдарда ол "Ағым" атты тағы бір оппозициялық басылымды басқарды.

2005 жылғы сәуірде ол үшінші шақырылған Қырғызстан парламенті - Жогорку кенештің депутаты болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны