30.11.2007, 14:50 2992

Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады

Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады

Бішкек. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанына межеленген парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстан Республикасының сайлау туралы Кодексінің 39-бабына сәйкес бюллетеньде саяси партияның атаулары, сонымен қатар кандидаттар тізіміндегі алғашқы бес үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы көрсетіледі",- деп хабарлады бүгін баспасөз қызметіндегілер.

Бюллетеньде саяси партиялардың атаулары Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының жеребе тастау арқылы белгіленген ретпен орналастырылады. Тізімнің соңында "Барлық үміткерлердің тізіміне қарсы" деген сөйлем тұрады.

Қырғызстан Республикасының заңына сәйкес сайлау бюллетеньдері қырғыз және орыс тілдерінде, дауыс беруден кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын басып шығарылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауына Қырғызстанда тіркелген 100-ден астам саяси партияның 12-сі қатыса алады. Республикада осыған дейін парламент сайлауы 2005 жылдың ақпан - наурыз айларында өткен болатын. Олардың ресми нәтижелері бүкіл елдің наразылығын тудырып, Қырғызстанның басшысын ауыстыруға әкеп соқтырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны