07.10.2008, 11:18 1492

Қырғызстанда Ош облысында жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды

Қырғызстанда Ош облысында жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды

Бішкек. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бүгін, 7 қазанда, Ош облысының Алай ауданында 5 қазанда жер сілкінісінен қаза тапқандарға байланысты қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ош облысының Алай ауданы Нұра ауылына бүгін түске дейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев келеді деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылдың 5 қазанында Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан, алдын-ала мәліметке сәйкес, 74 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды. Нұра ауылындағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны