21.01.2008, 17:01 4097

Қырғызстанда өткен тәуліктер соңғы 33 жылда ең суық күндер болды

Қырғызстанда өткен тәуліктер соңғы 33 жылда ең суық күндер болды

Бішкек. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда өткен тәуліктер соңғы 33 жылдағы ең суық күндер болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің гидрометеорология жөніндегі бас басқармасына сілтеме жасай отырып.

"Бішкекте 20-қаңтарда ауа температурасы күндіз ең төменгі көрсеткішті көрсетіп, 1954 жылғы рекордтан асып түсіп, 22,2 градус аязды құраған", - деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің гидрометеорология жөніндегі бас басқармасының метеорологиялық болжам бөлімінің бастығы Татьяна Черникова.

Т. Черникованың айтуынша, күн райы жақын арада жылынбайды, деп күтілуде. Алдағы үш күн бойы ауа температурасы бұрынғыдай қала бермек. Қырғызстан бойынша түнде орташа ауа температурасы 15 - 20 градустан төмен, ал күндіз 7 - 12 градус аязды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны