14.01.2008, 17:52 2776

Қырғызстанда өткен түні электр энергиясын тұтынудың жаңа рекорды тіркелді

Қырғызстанда өткен түні электр энергиясын тұтынудың жаңа рекорды тіркелді

Бішкек. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда өткен түні электр энергиясын тұтынудың кезекті рекорды тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қырғызстанның ұлттық электр желісі" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен түні бұл көрсеткіш 63 млн 607 мың кВт/сағатқа немесе солтүстікте 1 мың 828 мегаватқа және оңтүстікте 1 мың 14 мегаватқа жеткен.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта қуат жетпеуі салдарынан Өзбекстанда электр энергиясын таратуға қойылған шектеу жалғасуда. Осы себепті елдің Ош және Жалал-Абад облыстарының кейбір аудандарында жарық жоқ. Қырғыз энергетиктері олардың өзбек әріптестері бұл жайытты келіспегендігін айтуда.

Қазіргі уақытта республиканың оңтүстік аудандарына электр қуатын таратуды қайта қалпына келтіру туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны