17.01.2007, 16:52 2822

Қырғызстанда өз міндетін атқару барысында қаза тапқан парламент депутаттарының отбасыларына жәрдемақы беру туралы заң қабылданды

БІШКЕК. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінің депутаты қайтыс болған жағдайда, оның отбасына бір мәрте жәрдемақы төленеді. Параламент депутаттарының мәртебесі туралы заңға енгізілген толықтыруларға бүгін Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, жәрдемақы көлемі депутаттың 20 жылдық жалақысын құрайды. Төлемақы тек парламент депутаты қызметтік өкілеттігін орындау барысында қайтыс болса ғана төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, республикадағы билік ауысқаннан кейін Қырғызстан парламенттің үш депутаты өлтірілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны