13.07.2009, 14:26 1332

Қырғызстанда парламент депутатының өткен жылғы қыркүйек айында жоғалып кеткен ұлының мәйіті табылды

Қырғызстанда парламент депутатының өткен жылғы қыркүйек айында жоғалып кеткен ұлының мәйіті табылды

Бішкек. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда парламенттің депутаты, КСДП өкілі Жусупжан Джээнбековтың өткен жылғы қыркүйек айында жоғалып кеткен Бактияр Амиражанов есімді ұлының мәйіті табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстаған. Ол Б. Амиражановтың мәйітін тауға алып шығып, сол жаққа көміп тастағанын жеткізген. "Оперативтік қызметкерлер күдіктінің айтқан жерінен жігіттің мүрдесін тапты. Мүрде сараптамаға жіберілді", - деп хабарлайды ІІМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Б. Амиражанов 2008 жылдың 24 қыркүйегінде хабар-ошарсыз кеткен. Ол сол күні таңертең баласын балабақшаға жеткізуге шығып, қайта оралмаған. Балабақшаға кіреберісте оған жақындап келген белгісіз біреулер күшпен оны өз автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Кейін автокөлік Бішкектегі бір автотұрақтан табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны