16.04.2010, 15:22 3232

Қырғызстанда парламенттік басқару нысанын енгізу ұсынылуда

Қырғызстанда парламенттік басқару нысанын енгізу ұсынылуда

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанда парламенттік басқару нысанын енгізу ұсынылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтың талқылау үшін дүйсенбі күні жарияланады. Құжатта президенттің, парламенттің, атқарушы билік органдарының және сот жүйесінің іс-қызметіне қатысты төрт бөлім қайта өңделеді. Ал адам құқықтары мен бостандығына қатысты констиуцияның жалпы ережелері өзгеріссіз қалдырылады.

Елді басқару өкілеттілігі премьер-министрдің қолына өтеді. Оның кандидатурасын парламентте басым дауысқа ие болған партия ұсынады.

Конституцияның жобасына сәйкес президентке өкілеттілік функциялар тапсырылады. Сондай-ақ, Конституциялық сотты тарату ұсынылуда. Оның айрықша құзыреті Жоғарғы сотқа беріледі.

Парламент 90 депутаттан тұратын болады. Басым дауысқа ие болған партияларға парламенттен 46 орын ұсынылады, және ол үкімет басшысының кандидатурасын ұсыну мүмкіндігін алады.

Жаңа Конституцияның жобасы екі аптаның ішінде талқыланады, оның барысында жобаға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұдан кейін ол шілде айына дейін жұртшылық талқысына одан әрі түседі, бірақ ол кезде оған өзгерістер енгізу құқығы берілмейді.

Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум осы жылдың шілде айында өтеді, ал қазан айына парламенттік және президенттік сайлаулар белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны